Қазақстандағы шағын елді мекендеріндегі балалар үшін
ИСКРА — БҰЛ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ФУТБОЛ ЖОБАСЫ
Біз үшін ең бастысы — ойын кезіндегі қарым-қатынас, өзара құрмет, сүйікті ісімізге қызығушылық, адалдық пен ашықтық
Біздің алаң - қауіпсіз аймақ. Бұл жерде спорттағы нәтиже маңызды емес
Біз футбол алаңдарын жалға аламыз және балалар үшін тегін жаттығу ұйымдастырамыз
Біздің жобаның қандай да бір өңірде бой көтеруі балаларды жаттықтыратын белсенділердің білдірген өтінімдеріне байланысты. «Искра» жаттықтырушысы болуға өтініш беру үшін өтінім берушінің арнайы білімі болуы міндетті емес. Себебі біздің мамандар болашақ жаттықтырушыны өздері үйретеді.

Жоба жаттықтырушысына міндетті түрде еңбек ақы төленеді. Біз онымен әрдайым байланыста боламыз: жаттығу әдістемесі бойынша кез-келген сұраққа жауап беру, іс-шаралар ойлап табу және өткізу, жобаның дамуын бірге талқыланады.
ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қазақстандағы секцияларға арналған жаттықтырушыларды жинау кезеңі аяқталды және оның нәтижелерін мына жерден көруге болады. Дегенмен «Искра» жаттықтырушысы болуға әлі сіздің мүмкіндігіңіз бар - біз жаттықтырушыларды қабылдауды жалғастырамыз. Егер жобаға қатысқыңыз келсе — өтінімді толтырыңыз.
Ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде бізге көмектесе алатын
Аптасына бірнеше жаттығу өткізуге бос уақыты бар
Балалар футбол жаттықтырушысы болғысы келетін
Құндылықтарымызды бағалай алатын
БІЗ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТКЕР ІЗДЕЙМІЗ:
БІЗДІҢ ЖОБА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:
1
Сондықтан бірінші кезең - «Искра» жаттықтырушысы болуға дайын адамдардан өтінім жинау. Біз Қазақстанның шағын елді мекендерінен белсенді жандарды іздейміз (олардың саны 10 мыңнан 50 мың адамға дейін). Егер біздің құндылығымызды бағаласаңыз, өз қалаңызда жаттығу алаңын табуға дайын болсаңыз және жаттықтырушы болуға жаныңыз жақын болса – өтінім жолдаңыз.

БІЗ ҮШІН ЕҢ БАСТЫСЫ – ЖАТТЫҒУДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН АДАМ ҚАЖЕТ
БІЗ БАРЛЫҚ ӨТІНІМДІ МҰҚИЯТ ЗЕРТТЕЙМІЗ, ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КАНДИДАТТАРМЕН ЖЕКЕ СӨЙЛЕСЕМІЗ
Екінші кезеңде біз сізбен сұхбаттасамыз және жобамыз үшін жаттығу алаңын жалға алу мүмкіндіктерін бірлесе қарастырамыз
2
3
«ИСКРА» ЖОБАСЫНА АРНАЛҒАН БАРЛЫҚ ОРЫНДАР ТАҢДАЛҒАННАН КЕЙІН БІЗ ЖАЛҒА АЛУҒА, АЛАҢДАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУҒА КІРІСЕМІЗ

НӘТИЖЕСІНДЕ, БАРЛЫҒЫ ДАЙЫН БОЛҒАН СӘТТЕ БАЛАЛАР ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ФУТБОЛ ОЙНАУДЫ БАСТАЙДЫ. АЛ БІЗ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫ ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАП ОТЫРАМЫЗ
4
Әр өңірдегі «Искра» бөлімшелеріндегі балалар турнирлерде және біз ұйымдастыратын басқа да іс-шараларда бір-бірімен кездесе алады, ал жаттықтырушылар тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырады деп үміттенеміз.
Атаулы жоба аясында көптеген достар және серіктестермен бірлесе қызықты кезеңдерді өткізіп, биік белестерді бағындырамыз деген үміттеміз.
КОМАНДА МҮШЕЛЕРІ:

Серіктес

жоба

Жоба
бастамашысы
Аня Федорчук
жоба жетекшісі
Токтар Ескендиров
Қазақстандағы жоба менеджері
БІЗБЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСУҒА БОЛАДЫ:
Кез келген басқа сұрақтар бойынша mail@iskra.football
Егер бізбен серіктестік орнатқыңыз келсе partner@iskra.football поштасына жазыңыз